ТЫҢДАҢЫЗДАР!!!
Online подключение услуг
АО «Транстелеком»!!!

Астана, Казахстан — 13.12.2013 20:31:37

Байланыс операторларына

  • ТОБЖ базасында магистральды цифрлы арналарды жалдау
  • Деректер мен дауыстардың халықаралық транзиті
  • Интернет желісіне қатынау

ТОБЖ базасында магистральды цифрлы арналарды жалдау

"Транстелеком" АҚ әр клиент үшін дара ынтымақтастықтың ұтымды сызбасын ұсынады. Талшықты-оптикалық арналардың негізгі артықшылығы жоғары сапа мен сенімділік болып табылады.

Оптикалық байланыс желілері байланыс сапасының төмендеуіне әкеліп соғатын сыртқы факторлардың ықпалына ұшырамайды.

Жоғары өткізгіштік қабілеті клиенттерді жылдамдыққа қосуды жүргізуге, сондай-ақ қосымша қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді.

«Транстелеком» АҚ Қазақстан Республикасы территориясының барлық аймағында секундына 64 кбит және одан да жоғары өткізгіштік қабілетіндегі байланыстың бөлінген цифрлы арналарын қолдануды ұсынады.

Қызмет әлемдік жетекші өндірушілердің құрылғыларын және қазіргі заманғы SDH және DWDM технологияларын қолдану арқылы салынған жеке көлік желісінің негізінде ұсынылады.

Қызмет IP, Ethernet және басқа да хаттамаларды қолдануымен кез келген ақпаратты ұсынуға мүмкіншілік береді.

Қызметті жалға алу және ұйымдастыру құны соңғы миля ұйымдастыру тәсілдерін, арналардың ұзындығы мен тапсырыс берілген қызметтер көлемін, жалға алу мерзімін, арналарды қосу нұсқаларын алдын ала қарастырғаннан кейін есептеледі.

IP VPN арналарын жалдау (VPN)

IP VPN қызметі абонент торабын виртуалдық бөлінген желіге біріктіреді. "Транстелеком" АҚ желісі абонент тораптары арасында IP-трафик маршруттағышын қамтамасыз етеді. Абонентке ұсынылатын виртуалдық желінің мекенжайлық кеңістігі толығымен тәуелсіз және олардың еркімен таңдалуы мүмкін. Абоненттің көзқарасы бойынша "Транстелеком" АҚ оған абоненттің барлық тораптарын тікелей қосатын виртуалдық маршруттағышты ұсынады.

Осы қызметті ұйымдастыру кезінде статикалық сияқты динамикалық (BGP) маршруттау хаттамалары қолданылуы мүмкін. Абонент динамикалық маршруттау хаттамаларын қолдану кезінде бұл жөнінде «Транстелеком» АҚ-ны ақпараттандырмай өз желілерін өзгерту, мекенжайлық кеңістігін қайта ұйымдастыруды жүргізу, сегменттерді құру және т.б. мүмкіндіктерін алады.

Абоненттің барлық сайттары «әркім-әркіммен» байланысын ұйымдастыратын желінің «тегіс» архитектурасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бір корпоративті желісіне біріктіріледі. Қалалық деңгейде бұл L2VPN ұйымдастыру есебінен жеткізіледі, яғни абоненттің барлық сайттары бір VLAN-ға біріктіріледі.

IPVPN мүмкіндіктері:

  • Корпоративтік желілер бойынша жоғары жылдамдықта деректермен алмасу;
  • Рұқсат етілмеген қатынаулардан жоғары дәрежеде қорғалуы;
  • Телекоммуникациялық қызметтердің кең көлемін жүзеге асыру мүмкіндігі.

VPN базасының шешімдері:

  • Офистер арасында деректерді тарату;
  • Корпоративті телефония;
  • Электронды құжатайналымы жүйесі;
  • Бейнеконференцбайланыс.

Интернет желісіне қатынау

«Транстелеком» АҚ - Қазақстан Республикасының территориясында Интернет желісіне қатынау қызметін ұсынатын алғашқы ірі провайдерлердің бірі болып табылады.

Біз бөлінген цифрлы арналар бойынша Интернет желісіне қатынауды ұсынамыз, бұл - қолданыстағы ресурстан бос ресурсты немесе жаңа талшықты-оптикалық желіні бөлу көмегімен ұйымдастырылатын жоғары жылдамдықта қосудың сапалы және сенімді тәсілі. Бөлінген желі бір мезгілде жергілікті желінің барлық пайдаланушыларының Интернет желісіне қатынауын, сондай-ақ Қазақстан және шетел желілік сегменттеріне жылдам қатынауды және трафиктің көп көлемінің жоғары жылдамдықта берілуін қамтамасыз етеді.

«Транстелеком» АҚ RIPE халықаралық ұйымында тіркелген және ADSL, SHDSL, Ethernet технологиясы арқылы Интернет желісіне жоғары жылдамдықта қатынауды ұсынады.


Нурмурзаев Рахимжан Куанышбаевич
05.02.2017 01:16:07
Добрый день Жанболат Уракович хотелось бы отметить что вашей компании работают очень хорошие специалисты мастера своего дела я…